Академия қызметкерлері марапатқа ие болды

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қызметкерлері білім саласындағы кәсіби еңбегі мен үлестері үшін марапаттарға ие болды.

Орта білім мазмұны институтының директоры Смайлов Сейфулла Шай-Ахметұлы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталса, Тәрбие теориясы және әдістемесі орталығының аға ғылыми қызметкері Қуанышева Гүлжамал Әлжанқызы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін иеленді.

Академия ұжымы атынан марапат иелерін құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!