Ұлттық бағалау жүйесін жетілдіру: Қазақстан мен Түркия тәжірибесі

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Орта білім мазмұны институтының ғылыми қызметкерлері Айнұр Архыматаева мен Айгүл Қайыпбаева «Ұлттық интеграцияланған бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негіздері» БНҚ ғылыми-техникалық бағдарлама аясында Түркияға қызметтік іссапармен барды.

Іссапар барысында ғалымдар білім беру мазмұны мен бағалау тетіктері, цифрлық платформаларды пайдалану бағытында тәжірибе алмасты. Олар Uluslararası Başöğretmen Eğitim ve Yenilikçi Bilimler Kongresi халықаралық конгресінде Қазақстанда әзірленіп жатқан ұлттық интеграцияланған бағалау жүйесінің ғылыми негіздерін таныстырып, оны практикада қолдану мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, Анкара қаласындағы бірнеше мектепте сабақ ұйымдастыру ерекшеліктерін, формативті бағалау тәсілдерін, цифрлық ресурстарды қолдануды және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістерін зерттеді.

Іссапар қорытындысы бойынша Түркияның оқу-ағарту тәжірибесі Қазақстанда білім мазмұнын жаңарту, бағалау жүйесін жетілдіру және цифрлық шешімдерді енгізу бағытындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстар үшін маңызды тәжірибе ретінде бағаланды.