«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында республикалық семинар-практикум өтті

2-3 желтоқсан күндері «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен тәжірибе бірлігі» тақырыбында республикалық семинар-практикум өтті.

Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» тұжырымдамасы шеңберінде тұлғаның адамгершілік-патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың заманауи тәсілдері талқыланды.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Тәрбие теориясы мен әдістемесі орталығының директоры Әбішев Төлеу семинарға модератор болды, Тәрбие теориясы мен әдістемесі орталығының аға-ғылыми қызметкері Айжан Мағауияқызы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтарды білім мазмұнына интеграциялау тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.

Пленарлық отырыс пен секцияларда тақырыптық пікірталастар өткізіліп, қатысушылар педагогикалық тәжірибе алмасты. Семинар қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда.