EDU TECH: ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Астана қаласы Әдістемелік орталығымен бірлесіп, тарих мұғалімдері мен әдіскерлерге арналған семинар өткізді.

Семинар барысында педагогтер ЖИ-ды оқыту процесіне тиімді енгізу, тарихи дереккөздерді ЖИ арқылы талдау, цифрлық симуляциялар мен интерактивті бағалау құралдарын қолдану тәсілдерін меңгерді.

Іс-шара мұғалімдердің цифрлық құзыретін күшейтіп, тарихты заманауи форматта оқытудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.