Зерттеу мәдениеті: білім беру саласындағы этиканың маңызы

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында «Білім беру зерттеулеріндегі этика» тақырыбында Назарбаев университетінің ассистент-профессоры Гүлжанат Ғафумен кездесу өтті.

Кездесу барысында Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу этикасы, Қазақстандағы мемлекеттік стандарттарға қатысты зерттеу этикасы, сондай-ақ зерттеу жүргізу кезінде қатысушылардың құқықтарын қорғау мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, Алтынсарин академиясына әлеуметтік ғылымдарға арналған Ұлттық зерттеу этикасы жөніндегі нұсқаулық әзірлеуге қатысты ұсыныстар талқыланды.