Арқалық қаласында «Келешек» мектептері педагогтеріне арналған «Физика» пәні бойынша республикалық семинар өтті

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен 4-5 қараша аралығында Арқалық қаласында «Келешек» мектептері педагогтеріне арналған «Физика» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрал-жабдықтармен жұмыс істеу бойынша республикалық семинар өтті.

Мақсаты – «Физика» пәні мұғалімдерінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес зертханалық, тәжірибелік және практикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру, STEM және жасанды интеллект элементтерін оқу процесіне кіріктірудің заманауи тәсілдерімен таныстыру.

Семинарға «Келешек» мектептерінің «Физика» пәні мұғалімдері, Қостанай облысының аудандарынан келген әдіскерлер, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің физика пәні мұғалімдері, мектеп директорлары және оқу ісінің меңгерушілері.

Семинар барысында қатысушыларға «Физика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны, STEM-адаптация және материалдық-техникалық жарақтандыру, жасанды интеллект элементтерін оқу процесіне интеграциялау, «Физика» пәнінен авторлық бағдарлама әзірлеуде ескерілетін негізгі аспектілер және т.б. бағыттар бойынша әдістемелік және практикалық ақпараттар ұсынылды.

Семинар соңында қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын жинау мақсатында онлайн сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ, мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқу процесінде кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдарын талқылады.