Жаңалықтарға қайту
15.10.2025
Академия мен ЕРДО кәсіби бағдар беру саласында ынтымақтастықты жалғастыруда

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның президенті Нәзипа Аюбаева және Адам капиталы мен кәсіби бағдар беру орталығының қызметкерлері «Канадалық халықаралық мектеп – Астана», Еңбек ресурстарын дамыту орталығы және «SmartBolashak» компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында кәсіби бағдар беру саласындағы әдістемелік сүйемелдеуді жетілдіру, заманауи тәсілдерді енгізу және білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.