Жаңалықтарға қайту
11.10.2025
Академияда зерттеулердегі этика талқыланды

Бүгін Академия президенті Нәзипа Аюбаева қызметкерлерге арналған «Білім беру саласындағы зерттеулердегі этика» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында этикалық нормаларды сақтау мәдениетін қалыптастыру және респонденттердің құқығын қорғаудың маңызын түсіндіру.
Спикер этиканың қалыптасу тарихын, оның тәжірибеде қолданылуын және әлемдік тәжірибедегі негізгі құжаттарды таныстырды.
Кездесу барысында академия қызметкерлері педагог пен білім алушы арасындағы қамқоршылықты зерттеу тақырыбында кейс талдау жасап, этикалық шешім қабылдаудың жауапкершілігін талқылады.
Іс-шара соңында Академияда этикалық кеңес құру туралы бастама ұсынылды.