«Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналының үшінші шығарылымы жарияланды
Академия сайтында «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналының үшінші шығарылымы жарияланғанын хабарлаймыз.
Х абаршы басылымының №3 санында профессора М.Ж. Жадринаның «Қазақ тіліне бойлау» моделі, СҚО әдістемелік орталығының болашақ педагогтерді кәсіби дамыту жобасы, колледж білім алушыларының құқықтық сауаттылығын жетілдіру әдістемесі, кейс-әдісі арқылы студенттердің мотивациясын арттыру, жобалық оқыту әдістемесі, авторлық цифрлық ресурс көмегімен алгебраны оқытудың жаңа әдісі, оқушылардың тілдік және метапәндік құзыреттерін дамыту жолдары және т.б. тақырыптағы мақалалар жарияланды.
«Әдістемелік компас» айдарында Педагогтердің авторлық бағдарламасын әзірлеу, апробация және іске асыруын мониторингілеу бойынша әдістемелік ұсынымдар, Білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар және Әлеуметтік GPA бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналына мақалаларды жариялауға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат Академиясының ресми сайтында (Ғылым – Ғылыми журналдар – Алтынсарин академиясының хабаршысы парақшасында) ұсынылған.
Журналдың толық нұсқасымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://uba.edu.kz/storage/app/media/vestnik-3-2025.pdf