«Еңбек сіңірген ұстаздың» ізімен: шәкірті бүгінде Академияда

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Исатай Сағындықовтың ұстазы Сәуле Жәмішева ел Президенті қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісімен марапатталды.

Исатай Сағындықов- Алтынсарин академиясы Педгогикалық квалиметрия орталығының жетекші ғылыми қызметкері, білім беру жүйесін бағалау саласының белді сарапшысы, бірнеше ғылыми зерттеу еңбектері мен монографиялар авторы. Оның ішінде:

- «Өлшеу және бағалау» монографиясы - 2021 жыл / И.У. Сагиндиков, Б.Б. Динаева, Г.Ж. Убайдуллаева;

- «Жетілдіру және ынталандыру» монографиясы - 2022 жыл / И.У. Сагиндиков, С.К. Жұмажанова, А.Ж. Ауезханова, М.Ш. Тасбулатова;

- «Квалиметрия және сапа» монографиясы - 2024 жыл / И.У. Сагиндиков, А.Т. Қайыпбаева, Ж. Есепбай;

- «Тәрбие: мінез-құлық айнасы. Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері» ұжымдық монографиясы - 2025 жыл.

Ал, ардагер ұстаз Сәуле Жәмішева 50 жылдай педагог болған. 1991 жылдан 2012 жылға дейін РФММ мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2012–2013 оқу жылында интернат меңгерушісі болып қызмет етті.

Ұзақ жылғы педагогикалық еңбек жолында Сәуле Абрашқызы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі (1990 ж.), ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы (1994 ж.) мен Алғыс хаты (2005 ж.), «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі (2007 ж.), «РФММ-нің Үздік мұғалімі-2012» және басқа да жоғары наградалармен марапатталған.

Сонымен қатар тәжірибелі педагогтің жетекшілігімен РФММ-ның 50 жылдығына орай мектеп мұражайы ашылған.

Бүгінде Сәуле Жәмішеваның білімді шәкірттері еліміздің әр өңірінде республикалық мекемелер мен ұлттық компанияларда табысты еңбек етуде.

Ардагер педагог С. Жәмішева мен оның шәкірттерін ұстаздар мерекесінде айтулы наградамен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!