Бағалау жүйесіне арналған халықаралық конференция өтті

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Ұлттық интеграцияланған бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негіздері және оны іске асыру жолдары» 2023–2025 жылдары орындалатын BR2188300 жобасы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Абдул-Азиз королі университетінің (Сауд Арабиясы) профессоры, халықаралық журналдардың сарапшысы (Хирш индексі – 21) Intakhab Alam Khan және Қазан федералдық университетінің (Ресей, Татарстан) профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Гузалия Фахрутдинова қатысты.

Академия президенті Назипа Аюбаева панельдік сессияны өткізді. Педагогтер арасында қызу талқылау жүргізілді.

Іс-шарада білім алушылардың ішкі және сыртқы бағалаудың мазмұны мен әдістемелік жолдары талқыланды. 130-дан аса педагог офлайн қатысып, зерттеу нәтижелерін ортаға салды.

Академия ғалымдары мен әдіскерлері бағалаудың теориялық және практикалық аспектілерін таныстырды. Сондай-ақ ішкі және сыртқы бағалаудың электрондық платформасы ұсынылды.