Академия қызметкерлері семинарға қатысты

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері DARYA SCAFFOLD ұлттық жаттықтырушыларына арналған оқыту семинарына қатысты.

2025 жылдың 29 қыркүйегінен 1 қазанына дейін Еуропалық білім беру қоры (European Training Foundation) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, мектеп және колледж педагогтерін оқытуға арналған үш күндік семинар өткізді.

Семинарға қатысушылар – білікті педагогтер. Олар оқушылардың кәсіпкерлік, цифрлық дағдылар, тұрақты даму, сондай-ақ жеке және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамытуға арналған Scaffold құралының (102 карточкадан тұратын жинақ) практикалық қолданылуымен танысты.

Нәтижесінде Қазақстанның орта білім беру жүйесіне енгізілетін оқу материалдары мен бағалау құралдары әзірленді.