Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 25 қыркүйек – 5 қазан аралығында өтіп жатқан «Ұстазға алғыс!» онкүндігі аясында Академия Президенті Н. Аюбаева ұжымдағы қызметкерлердің ұстаздарын арнайы шақырып, мерекемен құттықтады. Ол ұстаздық – жай ғана мамандық емес, жас ұрпақтың тағдырын қалыптастыратын ұлы миссия екенін атап өтті.

Іс-шара барысында вице-президент Анар Тәңірбергенова да педагогтерге алғысын жеткізді. Сонымен қатар қатысушыларға Академия қызметі мен жүзеге асырған жобалары туралы бейнеролик көрсетілді. Ардагер ұстаздар өз естеліктерімен бөлісіп, жас мамандарға тағылымды ой айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Қызметкерлер де өз ұстаздары туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

Шәкірттер ұстаздарына арнап жүрекжарды жырларын арнап, кештің мазмұнын одан әрі әсерлі етті. Бұл басқосу – ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарға деген шынайы ризашылықтың көрінісі әрі жастарға өнегелі сабақ болды.