
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірлесіп 2025 жылғы 2-4 қазанда «Ұлттық интеграцияланған бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негіздері және оны іске асыру жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференция бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде өткізіледі (BR21882300, 2023-2025 жж.).
Конференция мақсаты: ұлттық интеграцияланған бағалау жүйесі негізінде мектепте білім беру сапасын арттырудың тұжырымдамалық негіздері мен тетіктерін талқылау және ғылыми-практикалық жалпылау, сондай-ақ зерттеушілер, практиктер мен сарапшылар арасында ғылыми жетістіктер мен тәжірибе алмасу үшін алаң құру.
Конференция міндеттері:
1. Ұлттық интеграцияланған бағалау жүйесін құру мен дамытудың заманауи тәсілдерін ұсыну және талқылау.
2. Бағалау үдерістерінде цифрлық платформаларды қолданудың халықаралық және қазақстандық тәжірибесін салыстыру.
3. Сандық платформаларда ішкі және сыртқы бағалауды интеграциялау перспективаларын анықтау.
4. Мектептегі білім беру жүйесіндегі сыртқы және ішкі бағалауды үйлестіруге байланысты сын-қатерлер мен шешімдерді қарастыру.
5. Гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар пәндері бойынша бағалау ерекшеліктерін талқылау.
6. Бағалау мазмұны мен тетіктерін одан әрі жетілдіру үшін ғылыми-әдістемелік база құру.
7. Ұлттық бағалау жүйесін дамытуға тартылған сарапшылар мен зерттеушілердің кәсіби қоғамдастығын қалыптастыруға жәрдемдесу.
Конференция форматы:
- Пленарлық отырыс;
- Білім беру саласындағы ғалымдармен секциялық отырыстар;
- Базалық мектептерге бару.
Пленарлық отырыстар: шақырылған негізгі спикерлер мен практик педагогтердің сөз сөйлеуі.
Шақырылған шетелдік спикерлер:
Интахаб Алам Хан - философия докторы (PhD), білім беру саласындағы профессор, Король Абдул-Азиз университеті, Джидда (Сауд Арабиясы), педагог, оқытушы, зерттеуші, көптеген онлайн және баспалық халықаралық білім беру журналдарының / конференциялар жинақтарының Құрметті бас редакторы (әсіресе «Atlantic Press»; «Sringer-Nature» бөлігі». «ResearchGate» ғылыми-ақпараттық әлеуметтік желісіндегі ең көп оқылатын ғалымдардың (5,29,000 оқылым) және Google іздеу жүйесіндегі (ағылшын тілін оқыту/білім беру) жоғары дәйексөзді авторлардың бірі болып табылады.
Фахрутдинова Гузалия Жевдятовна - профессор, т.ғ.д., КФУ/ Психология және білім беру институты / Оқыту және тәрбие беру әдіснамасы кафедрасы, И. Я. Яковлев атындағы ЧМПУ хабаршысы (ЖАК кіретін) ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі, психология және педагогика мәселелері бойынша халықаралық сарапшы.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА алғаш рет оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың Ұлттық интеграцияланған жүйесінің тұжырымдамалық негіздерін және ішкі және сыртқы бағалауды интеграциялау бойынша электрондық платформа моделін ұсынады.
1 секция. Бағалау үшін цифрлық платформаларды пайдалану: халықаралық және қазақстандық тәжірибе.
2 секция. Цифрлық платформалардағы ішкі және сыртқы бағалаудың интеграциясы мен тиімділігі: қазақстандық бағалау жүйесінің болашағы.
3 секция. Сыртқы және ішкі бағалаудың өзара байланысы: мектептегі білім берудің қиындықтары мен шешімдері.
Конференцияға қатысу: конференцияға қатысу офлайн және онлайн форматтарда.
Конференция бағдарламасының барлық бағыттары бойынша толыққанды пікірталасты қамтамасыз ету үшін құрамға мамандардың мынадай санаттары енгізіледі: отандық ғалымдар, педагог-экспериментаторлар және білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер, білім беруді басқару органдары мен әдістемелік орталықтардың басшылары.
Күтілетін нәтижелер:
Ұлттық интеграцияланған бағалау жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Білім беру процесінде цифрлық платформаларды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.
Тәжірибені жалпылау және ішкі және сыртқы бағалауды интеграциялау бойынша практикалық шешімдер әзірлеу.
Білім беру саласындағы мамандар арасында халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды кеңейту.
Ғылыми және практикалық қызметте кейіннен пайдалануға болатын конференция материалдарының бірыңғай электрондық жинағын құру.
Мектеп білімінің сапасын арттыру мақсатында зерттеушілер, педагогтер және мемлекеттік органдар өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.