Жаңалықтарға қайту
29.09.2025
Академия педагогтердің кәсіби дамуына арналған вебинарлар өткізді

Ы
. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы еліміздің мектеп педагогтерінің кәсіби дамуына арналған екі вебинар ұйымдастырды.
Онлайн кездесудің күн тәртібінде Алтынсарин академиясының Үздіксіз педагогикалық білім беру орталығы «Ауыл мектептерінің кәсіби дамуын талдау нәтижелері бойынша әдістемелік ұсынымдар» мен «Жалпы білім беретін мектеп педагогінің кәсіби бірегейлігін дамыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін талдады.
Академия қызметкерлері әзірлеген әдістемелік ұсынымдарда халықаралық және отандық тәжірибе зерделеніп, педагогтерге сауалнама жүргізілген. Сонымен қатар педагогтердің үздіксіз кәсіби даму жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген.
Вебинар қатысушылар мектептерде, оның ішінде ауыл мектептерінде мұғалімдердің кәсіби дамуын ұйымдастыру, оқыту процесін жетілдіру және білім беру процесіне ЖИ-ді енгізу мәселелерін талқылады.
Іс-шараға Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 100-ден астам педагог қатысты.