ЮНИСЕФ-пен бірге семинар өткізді

Ағымдағы жылдың 16-17 қыркүйегінде Астана қаласында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бірлесіп «Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың функционалдық цифрлық сауаттылығын дамыту: ассистивтік технологиялар» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Оқыту семинарын халықаралық сарапшы, PhD доктор Мэй Агиус (Мальта) жүргізді. Іс-шараға Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығының 14 шебер жаттықтырушысы, ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес) мүшелері, өңірлерден келген білім басқармаларының қызметкерлері және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары қатысты.

Екікүндік семинар барысында қатысушылар орта білім беру ұйымдарына тәжірибені одан әрі тарату үшін инклюзивти білім беруді қолдау бойынша мамандар даярлау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарында цифрлық инклюзия үшін жағдай жасау мәселелерін жан-жақты талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша мектеп мұғалімдерін оқыту және өңірлер хабтары арқылы шешімдерді енгізу жоспары келісілді.

Аталған тренинг 18-19 қыркүйекте Ақмола облысында және 25-26 қыркүйекте басқа өңірлерде өтеді.