Бірлескен кеңес өтті

2025 жылдың 17 қыркүйегінде Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат – ұлт келбеті» V республикалық форумының хаттамасы негізінде бірлескен кеңес өтті.

Аталған кеңес жұмысына Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі мүшелері және білім басқармаларындағы этносаралық келісімге жауапты мамандар қатысты.

Күн тәртібінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің қатысуымен бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен талқылау мәселесі қаралды.

Жиынға төрағалық еткен Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов, ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи және Ақсақалдар кеңесінің мүшелері өз ұсыныстарымен бөлісті.