Жаңалықтарға қайту
17.09.2025
Қазақстанда ата-аналар комитеттерінің қызметін жаңғырту арқылы «мектеп – отбасы – қоғам» байланысы күшейеді

Е
лімізде ата-аналар комитетінің жұмысы қайта жасақталады. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлигі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов хабарлады.
2023 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтардың басты мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы диалогты күшейту, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысуын арттыруға ықпал ету. Осы уақыт ишинде ата-аналардың оқу-тәрбие процессине қатысу деңгейи үш есеге артқан.
Қазір ата-аналар комитетін трансформациялау жұмысы жүріп жатыр, ал қараша айында «мектеп – ата-ана – қоғам» ынтымақтастығын нығайтудың жаңа алаңына айналатын алғашқы Республикалық форум өтеді.
Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігімен нақты шаралар жасалды. Ата-аналар комитеттерінің төрағалары, сынып жетекшілері, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Өркен» ұлттық балалар әл-ауқаты орталығының сарапшылары қатарынан жұмыс тобы құрылды.
Трансформация бойынша құжаттар топтамасы (ата-аналар комитеттерінің жалпы мектептік, аудандық жиналысын өткізу, қызметтің үлгілік қағидалары, жұмыстың үлгілік жоспары және т.б.) әзірленді.