Алтынсарин академиясы елордалық мектеп педагогтері мен әкімшілеріне арналған «AIROBOT» оқыту семинарын ұйымдастырды

Астана қаласының №99 мектебінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «AIROBOT» оқыту семинары өтті. Іс-шара робототехника жабдықтары мен дрондарды пайдалануға, оқу-тәрбие процесінде жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналды.

Семинар жұмысына директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, информатика пәні мұғалімдері, робототехника және дрондар педагогтері, сонымен қатар алғашқы әскери дайындық мұғалімдері қатысты.

Оқыту бағдарламасына қатысушылар Келешек мектептерінде жабдықталған робототехника мен дрондар бойынша білім беру шешімдерінің презентацияларын, мектептердің республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын талқылады.

Іс-шараның серіктестері «USTEM FOUNDATION» ҚҚ және «ARTISAN EDUCATION» ЖШС болды. Қатысушылар әдістемелік материалдар – әзірленген бағдарламалары бар брошюралар, педагогтерге арналған онлайн-курстарға рұқсатнама мен практика жүзінде жаңа құралдарды қолдану мүмкіндігін алды.

Сонымен қатар семинар аясында хакатон ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша үздік жоба ұсынған қатысушылар жүлделермен марапатталды. Оқудан өткен барлық педагогке Академия сертификаттары табысталды.

Алтынсарин академиясы білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу, мұғалімдерді қолдау және оқушыларға табысты болашақ үшін қажетті құзыреттерді дамытуға арналған жүйелі жұмысты жалғастыра береді.