Жаңалықтарға қайту
03.09.2025
Ғылыми кеңес отырысы өтті

2025 жылғы 3 қыркүйекте Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Алқалы мәжілістің күн тәртібінде Ғылыми кеңестің жаңа құрамын бекіту, 2025-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық тәсілдерін талқылау және 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде әзірленген Ұлттық интеграцияланған бағалау жүйесінің нұсқаулығын қарастыру мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша білім беру жүйесін дамытуға, стратегиялық мақсаттарды іске асыруға және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған нақты шешімдер қабылданды.