Ұлттық білім академиясы жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтарды түсіндірді

27-28 тамыз аралығында мектептерде 2025-2026 оқу жылын ұйымдастырудың ерекшеліктері мен басымдықтары туралы білім беру ұйымдары басшыларымен онлайн-кездесу аяқталды.

Шараға барлығы 7 мыңнан астам мектеп басшылары қатысты.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері жиынға арнайы қатысып, жаңашылдықтарды түсіндірді:

- Орта білім мазмұны институтының мамандары – 2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін таныстырды.

- Тәрбие теориясы және әдістемесі орталығының мамандары – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны мен маңызын түсіндірді.

- Стратегия, анализ және талдау орталығының қызметкерлері – жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізудің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын атап өтті.

Айта кетейік, аталған жиын бойынша сауалдарыңыз болса, Академияның телеграмм каналына жолдай аласыздар!