Ұлттық білім академиясы жаңа оқу жылындағы басымдықтарды Шымкент педагогтарымен талқылады

2025 жылғы 26 тамызда онлайн форматта – ZOOM платформасы арқылы өткен Бірыңғай қалалық педагогикалық кеңесте жаңа оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтар талқыланды.

Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері арнайы қатысып, маңызды баяндамалар жасады:

Орта білім мазмұны институты, Дидактика зертханасының меңгерушісі Ардақ Дюсенбаева – 2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін таныстырды.

Академияның ғылым жөніндегі вице-президенті Анар Шынболатовна Танирбергенова – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны мен маңызын түсіндірді.

Академия вице-президенті Рашит Төлеуғазиевич Белгібаев – жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізудің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын атап өтті.

Сондай-ақ Білім басқармалары мен «Өрлеу» орталығы өкілдері педагогтердің кәсіби дамуы мен жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттар бойынша ой бөлісті.