
Астана қаласының №102 орта мектебінде Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясының «Орта білім сапасы: сапалы мазмұн, білікті ұстаз, қауіпсіз орта» тақырыбында 2-секция отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2025-2026 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, жаңа Білім стандарттарының негізгі басымдықтары, академиялық жетістіктерге әсер ететін фактор ретінде мектеп ортасы, мектептегі қаржылық сауаттылық, «Ұлттық сарапшы» жобасы, инклюзивті білім беру мәселелері және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы басымдықтары туралы өзекті тақырыптар қаралды.
Конференцияның екінші бөлімінде мұғалімдердің кәсіби қызметіне қажетті басқарушылық талдау мен шешім қабылдауға арналған практикалық кейстер ұсынылып, белсенді талқылаулар жүрді.
Тамыз конференциясының екінші секция жұмысына Оқу-ағарту министрлігі және оған қарасты ұйымдардың өкілдері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар білім басқармаларының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары қатысты.