Жаңалықтарға қайту
29.11.2021
Алтын Маханбетованың «Менің өлкем» атты шығармашылық кеші өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығы және ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы аясында «Астана» концерт залында Академияның аға ғылыми қызметкері, композитор Алтын Маханбетованың «Менің өлкем» атты шығармашылық кеші өтті.
Концертте құттықтау сөз сөйлеген Академия президенті Ғани Бейсембаев Алтын Маханбетованың шығармашылығына сәттілік тілеп, оның білім саласына да қосып жүрген үлесі үшін алғыс білдірді.
«Балалар әндері» балалар шығармашылығынан басталған концертте Бағдат Сәмединова, Қарақат Әбілдина, Алтынай Жорабаева және басқа да қазақстандық жұлдыздар өнер көрсетті.