Алтынсарин академиясы білім беру саласында жаңа ғылыми жобаларды іске асыруда

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы еліміздің білім беру жүйесін дамыуға елеулі үлесін қосып келеді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің конкурстық іріктеу қорытындысы негізінде Алтынсарин академиясы білім мен ғылымның басымдыққа ие бағыттары бойынша ғылыми жобаларды іске асыруға құқық алды.

Аталған жобалар келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

Инклюзивті білім беру орталығы екі жобаны жүзеге асырады:
- «Аутистік спектр бұзылыстары бар білім алушыларды кешенді үздіксіз қолдаудың ұлттық жүйесі» (бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру);
- «Life Skills Classes» моделін ендіру арқылы зияты зақымдалған оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау» (гранттық қаржыландыру). Осы бастамалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Білім беруді цифрландыруды дамыту орталығы «3D кеңістік жасанды интеллектті және VR-ды қолданатын қашықтан оқытуды жобалау мен жүзеге асырудың әдіснамасы» жобасын іске қосады. Жоба Қашықтықтан оқытуға инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған.

Кәсіби бағдарлау және адами капиталды дамыту орталығы «Цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, кәсіптік бағдарлау диагностикалық кешенін әзірлеу» жобасын іске асыратын болады. Бұл жоба оқушыларға қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпалдасады.

Аталған ғылыми жобалар инклюзивті білім беруді дамытуға, цифрлық технологияларды енгізуге және оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Академия еліміздің білім сапасын ғылыми негізделген жұмыс арқылы арттыруды жалғастыруда.