«Адал азамат»: өңірлерге ортақ бағдар

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы республикалық семинар басталды.

Семинардың негізгі мақсаты – өңірлік деңгейдегі тренерлерге бағдарлама мазмұны мен оны тиімді жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін енгізуге дайындықты қамтамасыз ету.

Семинар жұмысына еліміздің барлық өңірінен арнайы шақырылған 60 өңірлік тренер қатысуда. Олар семинар барысында алған білім мен тәжірибені өз аймақтарындағы педагогтерге жеткізіп, бағдарламаның мазмұнын кең көлемде түсіндіруге жауапты болады.

Үш күнге жоспарланған семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА мамандары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әдістемелік орталықтарының тәрбие бағытын үйлестіруші әдіскерлері мен педагогтер қатысуда.

Семинар аясында қарастырылып жатқан негізгі мәселелер:

- Құндылыққа негізделген тәрбие экожүйесі мен бағдарламаның басым бағыттары;

- «Адал азамат» бағдарламасын өңірлерде іске асыру тәжірибесі;

- Қаржылық сауаттылық, қауіпсіздік, денсаулық және ата-аналармен жұмыс;

- Ақпараттық сүйемелдеу, медиа жоспарлау және мүдделі органдармен өзара іс-қимыл;

- Өңірлік жоспарлар әзірлеу және оны қорғау.

Практикалық кейс-сессиялар, тренингтер мен бірлескен талқылаулар арқылы қатысушылар бағдарлама шеңберінде нақты қадамдық әрекет алгоритмдерін құрып, келесі оқу жылына арналған өңірлік жоспар жобаларын әзірлеуде.

Семинар 1 тамызға дейін жалғасады.