«100 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР МЕКТЕПТЕР»

Бізде жаңа айдар – еліміздегі ғасырлық тарихы бар білім ордалары туралы!

Бүгін Атырау облысы, Махамбет ауданында орналасқан Қызылүй орта мектебі туралы айтамыз.

1880-жылдары Патшалық Ресей Атырау өңірінде жергілікті жастарды қызметке дайындау үшін 9 мектеп ашқан. Қыш кірпіштен тұрғызылған бұл ғимараттар «Қызылүй» аталған. Соның бірі — Есболдағы оқу орны. Мұнда білім беру 1881 жылы басталып, екі басқышты жүйе бойынша 6 жылға жалғасқан.