
Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Президентінің кеңесшісі болып Светлана Багитқызы Испусинова тағайындалды.
Светлана Багитқызының жоғары педагогикалық білімі бар. Ол өз еңбек жолын Атырау және Тараз қалаларындағы жалпы білім беретін мектептерде бастаған. 20 жыл бойы тарих, құқық негіздері пәндерінің мұғалімі, сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған.
1999–2003 жылдар аралығында Атырау облыстық білім басқармасын басқарды. 2003–2007 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде өңірлік саясат бөлімінің бастығы, білім мазмұны басқармасының жетекшісі, мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
Соңғы 15 жыл бойы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында жұмыс істеп, педагогтармен жұмыс департаментінің директоры, Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.
Светлана Испусинова – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің және «Құрмет» орденінің иегері.