Көкшетауда ІІ аймақаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Бүгін Көкшетау қаласында «Білім беру ұйымдарының ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен кәсіптік бағдарлау жұмысы мәселелерінде бірлескен қызметі туралы»ІІ аймақаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конференцияның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кәсіптік бағдарлау мәселелерінде білім беру ұйымдарының бірлескен қызметін талқылау бойынша диалог алаңының жұмысын жалғастыру.

 

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Инклюзивті білім беру орталығының бас сарапшысы С.К.Исмагулова  «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды кәсіптік бағдарлау жұмысының ғылыми-әдістемелік аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды ерте кәсіптік бағдарлау мен еңбекке даярлаудың мәселелері көтеріліп, шешу жолдары ұсынылды.

 

Конференция «Talap» КеАҚ, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми практикалық орталығы, Ақмола облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, облыстық, аудандық/қалалық білім беру басқармалары мен бөлімдері, әдістемелік кабинеттері, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері, сонымен қатар білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты.