Жаңалықтарға қайту
10.07.2025
«100 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР МЕКТЕПТЕР»

Бізде жаңа айдар – еліміздегі ғасырлық тарихы бар білім ордалары туралы!
Бүгін Қызылорда облысында орналасқан «Максим Горький атындағы №16 мектеп-лицей» туралы айтамыз.
1860 жылы А.Н. Алексеев пен Н.Ф. Евграфовтың бастамасымен Қазалыда 2 кластық орыс мектебі ашылып, онда оқу, грамматика, арифметика және дін сабағы жүргізілді. 1872 жылы мектеп қалалық училищеге, 1878 жылы ремесло училищесіне айналды. 1912 жылы жаңа ғимараты салынып, 4 кластық орыс-түзем мектебі аталды. Алғашқы директоры – педагог И.В. Иванов. Ұзақ уақыт “Иванов мектебі” деп аталды. 1938 жылы мектепке А.М. Горькийдің есімі беріліп, орта мектеп мәртебесін алды.