qaz
Инклюзивті білім беру орталығының қызметкерлері Рудный қаласы мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті

24 қарашада Инклюзивті білім беру орталығының қызметкерлері Рудный қаласы мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдауды тиімді ұйымдастыру, инклюзивті білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Тараптар осы бағыттағы өзара ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.