Солтүстік Қазақстан облысында «Жас маман – жаңа қадам» жобасы аясында жас педагогтердің слеті өтті

2025 жылдың 20-21 маусымы аралығында Солтүстік Қазақстан облысында «Жас маман – жаңа қадам» жобасы аясында жас педагогтердің слеті өтті. Шара төртінші жыл қатарынан өңірдің жігерлі және талантты жас мамандарын біріктіріп келеді.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-нан жас педагогтер слетіне М. Умиралиева қатысып, «Педагогикалық лайфхактар: мамандықта сенімді бастау және даму» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Онда нақты жоспарлау, уақытты тиімді басқару, рефлексия және өзін-өзі тәрбиелеу талқыланып, қатысушылар практикалық шаблондар, чек-парақтар және есеп беру құжаттамасын жүргізу бойынша кеңестер алды.

Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздық кәсіптің беделін арттыру және жас педагогтердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін ашу.

Бұдан бөлек, іс-шарада қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен білім беру сапасының өзекті тақырыптарын талқылады.

Жас педагогтер слеті сапаға, тәлімгерлікке және дамуға баса назар аударылған кәсіби өсу жолындағы кезекті жарқын кезең болды.