
Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына жұмыс сапарымен келді.
Академия президенті Нәзипа Аюбаева вице-министрді мекеменің негізгі бағыттарымен таныстырды. Көрме аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары, сараптамалық талдаулар, зерттеу жобалары, әдістемелік ұсынымдар, басылымдар, сондай-ақ академия ұжымы ұйымдастырған республикалық ғылыми-әдістемелік іс-шаралардың материалдары ұсынылды.
Көрмеде заманауи мектептердің эргономикасына арналған жоба-макет те ерекше назарға ілікті. Бұл жоба қазіргі білім беру талаптарына сай әзірленген.
Майра Тұрғанбайқызы Академия алдында тұрған стратегиялық міндеттерді жүйелі және кезең-кезеңімен жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.