Positive Peace Education зерттеу тобымен кездесу

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Нәзипа Аюбаева «Қазақстандағы бейбітшілік үшін білім беру» (Рositive Peace Education) СARCEIT зерттеу жобасы өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің профессоры, жобаның бас зерттеушісі Линн Парментер және Кембридж университеті Білім факультетінің профессоры, жобаның тең төрағасы Хилари Кремин қатысты.

Аталған іс-шарада жобаның тұжырымдамасы ұсынылып, тараптар жобаның жайлы білім беру қағидатына баса назар аудара отырып, Қазақстан білім беру жүйесін дамытуға тікелей әсерін талдады.

Талқылау нәтижесінде Академияның ресми сайтына аталған жобаның басты материалдарын орналастыру және бастаманы одан әрі ілгерілету мақсатында басқа да білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.