
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Назипа Аюбаева Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің білім беру бағдарламаларының жетекшісі Татьяна Адерихинамен және халықаралық сарапшы, философия докторы (PhD) Фумие Кагавамен кездесті.
Іс-шара климаттың өзгеруі мен қоршаған орта мәселелерін білім беру жүйесіне кіріктіру, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың функционалдық цифрлық сауаттылығын дамыту жөніндегі жобалар аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында халықаралық сарапшы Фумие Кагаваның қызметі таныстырылып, Академия мен ЮНИСЕФ өкілдігінің бірлескен жобалары аясында Қазақстанның білім беру мазмұны мен үлгілік оқу бағдарламалары талданды.
Тараптар Қазақстанның білім беру жүйесін жақсартуға және оны жаһандық өзгерістерге төзімді етуге бағытталған бірлескен жобаларды әрі қарай жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.