Алтынсарин академиясындағы ерекше кездесу

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан балалары» онкүндік акциясының «Бала үні» тақырыптық бағыты аясында Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Астана қаласының дарынды және талантты оқушыларымен бейресми кездесу өтті.

Аталған кездесуге Алтынсарин академиясының президенті Назипа Аюбаева, Академия қызметкерлері мен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында елордалық оқушылар Академияның ғылыми орталықтары мен кабинеттерін аралап, ғалымдармен сұхбаттасып, VR/AR технологиясы жұмысымен танысты. Сонымен қатар «Эмоциямен басқарылатын кәсіптер планетасы» тақырыбындағы тренингке қатысып, «Еркін Өнер» атты шеберханада Академия ғалымдарымен еркін пікір алмасты.

Балалар мерекесіне орайластырылған іс-шарадан дарынды оқушылар ерекше әсер алды.