Сараптамалық кеңес отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 16 мамырында Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті. 

Отырысқа Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қ.Б. Жұмашев, Алтынсарин академиясының мамандары және облыстық әдістемелік орталықтардың басшылары қатысты. Күн тәртібінде орта білім беру жүйесі педагогтерінің инновациялық тәжірибелері қаралды. РОӘК Сараптамалық кеңесі отырысына еліміз бойынша республикалық деңгейге өткен 200-ге жуық педагогтің жұмысын ұсынылды. 

Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев: «Авторлық бағдарламалардың сапасын арттыру, эксперименттік жұмыстарды талапқа сай жүргізу, педагогтерге әдістемелік және кәсіби қолдауды күшейту – басты басымдық» екенін ерекше атап өтті. 

Кеңес барысында мақұлдауға ұсынылған бағдарламалар егжей-тегжейлі қаралып, нақты қорытындылар жасалды.