Батырлар институтына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Алтынсарин академиясы мен Астана қаласының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен еліміздің әр аймағынан 300-ге жуық тарихшы ұстаз, ғалым және әдіскер бас қосқан бірегей конференция өтті.
“ТарихTalks”, панельдік сессиялар мен шеберлік сабақтары аясында:
- Жоңғар шапқыншылығынан бастап қазіргі заман батырларына дейінгі тарихи сабақтастық талданды;
- Батырлар институтының тәрбиелік және әдістемелік қырлары терең қарастырылды;
- Аймақтық тәжірибе ұсынылып, үздік жұмыс авторлары марапатталды.
Мақсат – тарихи жадыны жаңғырту, ұлттық рухты дәріптеу және жас ұрпақтың бойына патриоттық құндылықтарды сіңіру.