Алтынсарин академиясының зерттеулері іске асырылуда: «ЖОО – мектеп» мазмұнды байланысы

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Ғылым күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Білім беру институты (Астана қаласы филиалы) және Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ғалымдары бірлесіп Астана қаласының №72 мектеп-лицейінде «Білім беру жүйесіндегі жас зерттеуші: сыни көзқарас, жобалық шешімдер» тақырыбында I студенттік ғылыми конференциясын ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның мақсаты Алтынсарин академиясының 2021-2023 жылдары орындалған «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» ғылыми-техникалық бағдарламасы нәтижелерінің бірі – «ЖОО – мектеп» мазмұнды байланысын сынақтан (апробациядан) өткізіп, іске асыру.

Ғылыми конференцияның пленарлық отырысы мен секция жұмыстарында Білім беру институты (Астана қаласы филиалы) 90-ға жуық болашақ педагогы баяндама жасап, функционалдық сауаттылық дағдыларын танытып, қазіргі білім беру саласындағы мәселелерге сыни ойларын жеткізіп, тың идеяларын ортаға салды. Сонымен қатар студенттердің ғылыми жұмыстары I, II, III дәрежелі дипломмен және Алтынсарин академиясының сертификатымен марапатталды.

Конференция қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ Білім беру институтының студенттерін мектеп өміріне ертерек тарту бастамасы мақұлданып, Алтынсарин академиясының үздіксіз педагогикалық білім беру «ЖОО – мектеп» моделін әрі қарай іске асыру бойынша стратегиялық әріптестік орнату және ғалымдар, ЖОО-лар мен мектеп педагогтерінің жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.