Академия ғалымдары марапатталды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ғылым қызметкерлері күні мерекесіне орай еліміздің орта білім беру саласында ұзақ жылдар ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, өз үлесін қосқан тұлғалар мен жоғары педагогикалық университеттердің ғалымдарын ведомстволық наградамен марапаттады. Марапатталған ғалымдар қатарында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бес ғылыми қызметкері де бар.
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Алтынсарин академиясының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Шолпан Шуиншина, жетекші ғылыми қызметкер, п.ғ.к. Ғабит Кусаинов, жетекші ғылыми қызметкер, п.ғ.к. Зәуре Жұмағұлова, Академияның Орта білім мазмұны институтының зертхана меңгерушісі, Ph.D Айнұр Архыматаева және Орта білім мазмұны институтының зертхана меңгерушісі, п.ғ.к. Ардақ Дүйсенбаева марапатталды.
Алтынсарин академиясының «ғылыми мектебін» дамытып келе жатқан әріптестерімізді айтулы награда алу жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!