Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту мәселесіне арналған республикалық семинар өтті

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім мазмұны институты Астана қаласы Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жаңа парадигмасы: білім сапасы және зияткерлік әлеует» атты республикалық семинар-кеңесін өткізді.

Семинар бағдарламасы бойынша сөз сөйлеген спикерлер қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту мәселелері, тілдің қоғамдық сипатына жүргізілген сараптамалық талдау нәтижелері, заманауи оқу құралдары мен оқыту технологиялары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар кеңес барысында өңірлерден келген білікті ұстаздар мен педагог-шеберлер білім алушылардың оқу сауаттылығын жетілдіру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кеңес қорытындысы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні ұстаздары қауымдастығының ұсыныстары жария етілді.