
Бүгін Қазақстанның тұрақты дамуының ғылыми-зерттеу институты, ЮНЕСКО ұйымының өкілдігі, Финляндияның Қазақстандағы елшілігі, Нархоз университеті және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесіп «Орнықты даму мақсатында білім беру: саяси шешімдер және іске асыру жолдары» атты халықаралық конференция өткізді.
Аталған конференция жұмысына мемлекеттік органдар мен білім беру саласындағы жеке сектор өкілдері, озық тәжірибе енгізушілер, ЮНЕСКО және басқа халықаралық ұйымдардың, елшіліктердің, педагогтер мен академиялық қауымдастықтың, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференцияның басты спикерлері Орталық Азия елдерінің ESD саласындағы жетістіктерін таныстырып, әлемдік үздік тәжірибелерге жүргізілген талдау сараптамаларын талдап, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді ынтымақтастық туралы ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шараның қорытынды бойынша негізгі тұжырымдар және әр бағыт бойынша негізгі шешім айқындалды.