Алтынсарин академиясы мен Astana Hub білім беру жүйесін цифрландыруды бірлесіп іске асырады

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы инновациялық технологияларды енгізу арқылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау үшін жағдай жасау мақсатында Astana Hub технопаркімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат цифрлық технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, білім беруде цифрлық технологияларды қолдану саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау, STEM-бағыттарды, робототехниканы дамыту, ЖИ қолдану, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және қанатқақты жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты дамытуды көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, Академия өзекті білім беру үрдістерін енгізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.