Ауыл мектептерінің қазіргі жағдайы туралы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті
Алтынсарин академиясы мен Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы бірлесіп «Ауыл мектебінің қазіргі жағдайы: ізденістер, мәселелері мен шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясынұйымдастырып өткізді. 
Онлайн форматта өткен конференция жұмысына Ресей Федерациясы, Белоруссия Республикасы, Эстония мен Қырғызстанның ғалымдары, еліміздің ҮЕҰ мен министрлікке қарасты орталық мекеме өкілдері, дербес білім беру ұйымдары мен білім беру компаниялары мамандары, ЖОО профессор-оқытушылары, білім басқармалары мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, ауыл мектептері мен ШЖ мектеп директорлары мен педагогтері, жалпы саны 1000-нан аса тыңдаушы қатысты.

Пленарлық отырыста ауыл мектептерін дамыту мен оларға оқу-әдістемелік қолдау көрсету жолдары; ауыл мектептері мұғалімдері мәртебесі; ұлттық  тәрбие; цифрландыру дәуіріндегі педагог рөлі; ауыл мектептері білім алушыларының белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру; білім сапасын басқарудың каскадты моделін дамыту; білім алушыларда эмпатия мен эмоционалды интеллекттің дамуы тақырыбында баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар конференцияға қатысушылар ауыл және шағын жинақты мектептердің қазіргі өзекті мәселелерін талқылап, оларды шешу жолдары мен тетіктері туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.