
2025 жылғы 12-14 наурызда Астана қаласында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесімен бірге «Медиа және ақпараттық сауаттылықты орта білім беру мазмұнына интеграциялау жолдары» атты семинар ұйымдастырып өткізді. Іс-шараға оқу бағдарламаларын әзірлеушілер, әр өңірден келген әдіскерлер (20 әдіскер), педагогикалық ЖОО оқытушылары мен тренерлері, сонымен қатар ЮНЕСКО-ның Алматы өкілдігіндегі сарапшылары мен медиа және ақпараттық сауаттылық саласындағы жетекші мамандар қатысты.
Семинарға қатысушылар еліміздің қазіргі білім беру жүйесіндегі медиа-ақпараттық сауаттылықтың өзекті мәселелерін, саланы дамытудың негізгі тұжырымдамалары мен практикалық тәсілдерін және орта білім беру мазмұнына интеграциялау жолдарын талқылады.
Екі күндік семинар нәтижесінде қатысушылар медиа-ақпараттық сауаттылықты МЖМБС-ке енгізу бойынша нақты ұсыныстарды белгілеп, білім алушылар мен педагогтердің қажеттіліктеріне қатысты мәліметтер базасын қалыптастыру туралы практикалық бастамаларды ұсынып әзірледі.