Жаңалықтарға қайту
14.03.2025
Әдістемелік орталықтар басшыларымен кеңес өтті

Бүгін облыстардың және Алматы, Астана, Шымкент қалаларының Әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) басшыларымен Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаеваның төрағалық етуімен кеңес өтті.
Кеңес барысында Академияның вице-президенті Азамат Жұмахмет білім беру саласында ЖИ қолдану әдістері туралы айтты. Ұлытау облысы әдістемелік орталығының басшысы Ы. Ермағанбетова білім беру сапасын және педагогтердің кәсіби өсуін арттыруға бағытталған білім беру жобаларын іске
асыру бойынша орталықтың жұмыс тәжірибесін таныстырды. Педагогтерді аттестаттауға қатысты «Өрлеу» БАҰО « АҚ өкілі педагогтер құжаттарын «Ұстаз» платформасына жүктеу туралы сөз сөйледі.
Осы бағыттағы жұмыс ай сайын өзекті мәселелерді талқылаумен және өңірлердің әдістемелік орталықтары жұмыс тәжірибесін ұсынумен жалғасын табатын болады.