«Біртұтас тәрбие бағдарламасын сабаққа енгізу жолдары» атты республикалық практикалық семинар туралы
28 ақпан – 1 наурыз аралығында Алтынсарин атындағы академиясы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы жанындағы «Әдістемелік орталық» бірлесіп, «Біртұтас тәрбие бағдарламасын сабаққа енгізу жолдары» республикалық практикалық семинар өткізді.

Семинарға еліміздің 13 өңірінен білім басқармаларының өкілдері, әдістемелік орталық басшылары, әдіскерлер мен педагогтер қатысты.

Семинарда педагогтерге екі мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдарда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізіндегі құндылықтарды сабақ барысында қалай тиімді енгізуге болатыны тәжірибелік түрде көрсетілді. Сонымен қатар, пленарлық отырыс ұйымдастырылып, бағдарламаға белсенді атсалысатын стейкхолдерлерге сөз берілді.

Осы шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын тәжірибеге енгізуде педагогтерге қажетті білім мен дағдылар беріп қана қоймай, өңірлердегі тәрбие жұмысының үздік тәжірибелерін кеңінен насихаттауға ықпал етті.