
«Қазақстан педагогикасы: білім мен ғылымның сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-практикалық форумы шеңберінде ҚР ОМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің алғысөзінде педагогика ғылымдарын дамытуда күш-жігерді біріктіру маңыздылығын баса айтты. Академия президенті Мадина Тыныбаеваның сөзінше, аталған құжат екі ұйым арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтіп, ғылыми ынтымақтастықты нығайта түседі.
Конференция аясында жұмыс секциялары ұйымдастырылып, қатысушылар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелерін талқылады. Өңірлердің білім беру ұйымдары педагогтері үшін секциялардың онлайн-көрсетілімі жүргізілді.