
Бүгін Алтынсарин академиясында білім мен ғылым саласының көрнекті тұлғалармен ай сайын өтетін дәстүрлі іс-шаралар аясында Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Күләш Шәмшидинова дәріс оқыды.
Аталған іс-шараға Алтынсарин академиясының Орта білім мазмұны институтының қызметкерлері қатысты. Академия президенті Мадина Тыныбаева алғысөзінде Мемлекет және қоғам қайраткерінің еліміздің білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.
Лектор К.Н. Шәмшидинова қазіргі оқушыларға білім беру ерекшеліктері туралы айтып, білім мазмұнының мәселелеріне тоқталып, педагогтердің кәсіби даму моделіне қатысты өз көзқарасын білдірді.
Дәріс соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылады.
Естеріңізге салар болсақ, өткен айдың дәстүрлі дәрісіне Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәби Аңсат қатысқан еді.