Академиясының қызметкерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: парадигма және құндылықтар жүйесі» тақырыбында баяндама жасады
Алтынсарин академиясының қызметкерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: парадигма және құндылықтар жүйесі» тақырыбында «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады. Аталған іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетіне қарасты Мемлекет тарихы институты және Ұлттық музей бірлесе ұйымдастырды.
Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, қатысушылар алдағы жұмыстың бірқатар негізгі бағыттарын айқындады. Сонымен қатар мемлекеттік этносаясатты ғылыми және қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету үшін қоғамның мемлекеттік органдармен және ғылыми-сараптамалық қауымдастықпен өзара іс-қимылын кеңейту бағыты белгіленді. Ғылыми іс-шара Қазақстанның этносаралық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы бірегей тәжірибесін талқылауға өз үлесін қосты.